Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

700-ден астам армениялық көлік Атырауда тіркеуден өтті

Маусымның 1-нен Атырау қаласындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында Армениядан алып келген 700-ден астам көлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұдан басқа Атырау тұрғыны тарапынан Қазақстанға Армениядан әкелініп, кейін сенімхаттармен өзге адамдарға берілген атыраулық 34 көлік те еліміздің басқа облыстарында есепке алынып, мемлекеттік нөмірлер алды.

Маусымның 1-нен бастап елімізге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген автомобильдер есепке алынып жатыр.

Көліктерді тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды. Оның 695 теңгесі тіркеу үшін алым, техникалық төлқұжат үшін – 3 773 теңге, мемлекеттік нөмір үшін – 7 778 теңге.

Көліктерге тіркеу кезінде сары түсті нөмірлер беріледі.

Айта кетерлігі, оң жақ рөльді көліктер тіркеуге жатпайды.

Армениядан алып келген көліктерді тіркеу 1-қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Көлік Армениядан алып келген адамның атына ғана тіркеледі.

Тіркеу үшін атыраулықтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келуі керек.

Көлік иесінің қолында жеке куәлік пен көлік құжаттары болуы тиіс.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы ашылған Call-орталығына
(тел. 8 775 056 94 68) күні бүгін 2000-ға жуық Атырау тұрғындары өздерін мазалаған сауалдарына жауаптар алды.

Бұл күндері көліктерді тіркеу  сағат 09.00-15.00 аралығында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру