Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық сотталған 2 жылда 64 өлең шығарған

Екі жылда 64 өлең жазған сотталған мекеме қызметкерлеріне дәптерін ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазасын өтеуші  сотталғандарды темір торда телміртіп отырғызбай, уақытын тиімді түрде өткізу үшін мекемеішілік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осындай шараларға белсене қатысып жүретін Асылбек есімді сотталған Қызылорда қаласындағы ЗК 169/5 мекемесінде  2018 жылдан бері жазасын өтеп жатыр.

Қазіргі таңда бұл мекемеде  600-дей сотталған жазасын өтеп жүр. Осы мекемедегі Асылбектің жанынан өлең шығаратын қасиеті бар. Екі қалың өлең дәптерін мекеме қызметкерлеріне ұсынды.

Ол 1977 жылы Қазалы ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі мен анасы мал шарауашылығымен айналысқан. Отбасында екі ағайындыАсылбек жеті жасынан бастап өлең шығара бастайды. Тасарық ауылындағы мектепте  оқып жүріп ақ ақиық ақындардың шығармашылық кештеріне қатысып, өлең арнап, шығарған өлеңдері аудандық, республикалық газет беттерінде жарық көрді.

– Ата-анам өлең шығарып, ақындық жолға түсуіне қарсы болды. Себебі , әкем де анамда өнерге  қатысы жоқ адамдар еді. Өлең шығару, Алланың берген сыйы шығар, арғы ата-бабаларымыз батыр, ақын болған деседі. Осы мекемеге келгелі, екі жылда 64 өлең шығардым. Өлеңдерімнің көбі адамгершілік, мейірім, кішіпейілділік, махаббат, патриоттық бағытында. Туған жерге, анама деген өлеңдерім де бар. Өлең шығару үшін білімді болу керек, шабыт кез – келген уақытта келеді. Кейде түн ортасында шабыттанып өлең жазғым келеді. Қуанған, ренжіген сәттерімде қолыма қаламымды алып, ішкі жан дүниемді қағаз бетіне түсірем. Жазған өлең- жырларым газетте тұрақты түрде жарияланып отыр, – дейді Асылбек.

 

– Мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандар тарапынан да ұсыныстар түседі. Балама, анама, бауырыма өлең шығарып берші деп өтініш айтады. Өлеңдерін дер кезінде шығарып берем. Өзімнің де ұлым бар, жеті жаста. Ұлыма да арнаған арнауым бар. Жазамды өтеп, абақтыдан шықсам, отбасыма қосылып, ұлыма жақсы тәрбие беріп, жақсы азамат етемін деген арманым бар, – деді кейіпкер.

 

Анашым, Жанашырым,

Қорғаштаған көзінің қарашығын.

Қиналғанын көргенде баласының,

Қеудеңде шырылдады –ау қара шыбын.

Үйретіп өсіріп ең,

Жаныңның бар асылын.

Балаңның осы болды –ау,

Жеткені санасының.

Анашым кешір мені,

Өзіңсің дара шыңым.

Анашым, Жанашырым,

Жаныма батып жатыр,

Жабырқап қалатының.

Ешкімге сыр айта алмай,

Ішіңнен тынатының.

Маңдайға жазған шығар,

Осылай болатынын.

Анашым, Жанашырым,

Сеніммен еске алайық,

Бәрі артта қалатынын

Әлі де қуаныштар,

Көңілге қонатынын.

Уақыт емші деген,

Қайғы мен қазасының.

Қазіргі жарақатты

Уақыт жазатынын.

Ойменен, уайыммен

Адамның азатынын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру