Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында оқушыны көлік қағып кетті

Ақтөбе облысында екі оқушыны көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қараша сағат 12.40-та Алға қаласында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі Есет батыр көшесінде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, оқушыны қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан тоғыз жастағы қыз бала Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Келесі күні 27 қарашада Қандыағаш қаласында Жамбыл көшесі бойындағы «Audi-80» автокөлігінің жүргізушісі Қандыағаш қаласындағы №5 орта мектептің жанында 2011 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз бала Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

Балаларды жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету қажет, сонда ғана ЖКО саны азайып, балалар жарақаттануының алдын алуға болады. Мұндай жағдайда балаларға үлгі болатын ересек адамдар.

Балалардың қатысуымен болатын ЖКО санын азайту – бүкіл қоғамның мәселесі. Балаларды жолдағы мінез-құлыққа үйрету ерте жастан басталуы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру