Қарағандыда тұрғынның трансформаторын ұрлап кеткен ер адам ұсталды
Қарағандыда тұрғынның трансформаторын ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші ер адам белгісіз біреудің трансформаторды ұрлап, жеке үйінің электр қуатынсыз қалғанын айтты. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
21 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.