Екібастұзда алкоголь өнімдерін сатқан дүкен иесі айыппұл арқалады
Екібастұзда алкоголь өнімдерін сатқан дүкен иесі 233 мың теңге айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласында сағат 11:00-де Б.Момышұлы көшесіндегі дүкеннің сатушысы этил спиртінің көлемдік үлесі 30%-дан асатын алкоголь өнімін сатты.
Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.
Осы бапқа сәйкес этил спиртінің көлемдік үлесі 30%-дан асатын алкоголь өнімдерін келесі күні сағат 21:00-ден 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынады.
Дүкен иесіне 233 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, алкоголь өнімдерін бөлшектеп сату лицензиясынан айырылды.
Жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер алкоголь өнімдерін сату бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың 149 фактісін анықтаған.