Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында құрылыс алаңындағы отырыс адам өліміне әкелді

Алматы облысында құрылыс алаңындағы отырыс адам өліміне алып келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қараша күні Жамбыл АПБ кезекші бөліміне Айдарлы ауылының 32 жастағы тұрғынының «іш қуысының кесілген жарақаты» диагнозымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл АПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторлары күдікті – Ұзынағаш ауылының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Оның айтуынша, салынып жатқан сарайдың иесімен бірге ішімдік ішкеннен кейін ол жәбірленушімен ұрысып қалған. Төбелес кезінде ол оның ішінен пышақпен бір ұрған. Қылмыс құралы болған пышақ заттай дәлел ретінде алынып, іске қоса тігілді.

Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес УҰО-ға қамаққа алынды. Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ұсталған адамға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ауруханаға жеткізілген жәбірленуші екі күннен соң, алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Осыған байланысты күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.

Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру