Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас қарағандылық такси жүргізушісінің телефоны мен көліктің айнасын сындырды

Мас қарағандылық такси жүргізушісінің телефоны мен көліктің айнасын сындырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне Ермеков көшесі үйлерінің бірінің жанында такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, жәбірленуші 38 жастағы ер адамның мекенжайға белгілі бір клиенттің шақыруы бойынша келгенін анықтады. Такси шақырған әйелдің жанында бір еркек болып, екеуі өзара жанжалдасып қалған. Такси жүргізушісі жанжалдасқандарды тыныштандырмақ болған кезде, ер адам оның ұялы телефонын зақымдап, көлігіндегі айнаны сындырып, дене жарақатын салған.

Полицейлер күдікті 62 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру