Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдықтар учаскелік инспекторларға ризашылықтарын білдірді

Петропавлдықтар көршілерімен болған келеңсіз сұрақты шешуге көмектескен учаскелік инспекторларға ризашылықтарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік инспекторлардың қызметін көбінесе “мың бір міндет жұмысы” деп атайды. Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істей отыра, учаскелік полиция инспекторлары түрлі-түрлі жағдайлармен кездеседі.

№11 учаскелік полиция пунктінің аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары тәртіп сақшыларынан проблемалық мәселеге қатысты шешім қабылдауды сұрады. Жалғыз тұратын зейнеткер әжей жасы келгендіктен, ұмытшақ бола бастаған. Күндердің бір күні көршілері пәтерден газдың иісі шыққанын сезініп, бірден учаскелік инспекторға хабарлаған. Әжей газды жабуды ұмытып кеткен. Оның туыстарының жоқ екендігін білгеннен кейін, полицейлер бұл туралы “Горгаз-Сервис” мекемесі мен әлеуметтік қызметшілерге хабарлап, қарияға жиі-жиі барып тұруды сұрады.

Қазір зейнеткер электр плитасын қолдануда.

– Білікті және кәсіби іс-әрекеттері үшін №11 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне алғысымызды білдіргіміз келеді, – деп облыстық Полиция департаментінің электронды поштасына көршілерінен хат түсті.

– Зейнеткерге енді Әлеуметтік қорғау департаменті бас-көз болмақ. Осыған ұқсас жағдайға жазда тамыз айында № 8 УПП қызметкерлері тап алды. Ол жолы қарияны РФ-да тұратын балалары алып кетті. Барлығы №11 УПП аумағында 23 мың адам тұрады. Оларға 5 учаскелік инспектор қызмет көрсетеді. Күн сайын олар бірнеше өтініштер қабылдап, шақыртуларға шығып, аулаларды аралап, бірнеше есепте тұрғандарға тұрғылықты жерлері бойынша тексерістер жүргізеді. Осыған қарамастан, олар оқыс оқиғаның алдын алумен шектеліп қалмайды. Учаскелік инспекторлардың басты міндеті – еліміздің азаматтарының тыныштығы мен амандықтарын сақтау болып табыладық, – дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру