Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші анықталды
Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қарашада сағат 07.20-да Павлодар қаласындағы Солтүстік өнеркәсіп аймағының “Инженерия орталығы” аялдамасының жанында Volkswagen Golf көлігі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 62 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, оған түрлі дене жарақаттарының диагнозы қойылды.
Қағып кеткен көлікті анықтау үшін полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді, “Ұстау” жоспарын енгізіп, нәтижесінде полицейлер күдікті көлік жүргізушісін ұстады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды.