Павлодар облысында тұрғыннан акциздік маркасыз 382 бөтелке алкоголь тәркіленді
Павлодар ауданында учаскелік инспектор ауыл тұрғынынан акциздік маркасыз 382 бөтелке алкоголь өнімін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 желтоқсанда сағат 19.05 шамасында учаскелік полиция инспекторы Бахыт Сүлеймановқа ауыл тұрғыны суррогаттық алкоголін сатады деген ақпарат келіп түсті. Учаскелік инспектор бұл хабарламаны тексерді. Нәтижесінде, 28 жастағы ауыл тұрғынынан 44 бөтелке шарап пен 339 бөтелке арақ табылды. Бірде-бір бөтелкеде акциздік маркалар болған жоқ.
– Ауыл тұрғынының айтуынша, ол алкогольдің барлық партиясын қайта сату үшін төмен бағамен сатып алған. 28 жастағы сатушы осы алкогольмен ауылдастарын уландыруын мүмкін екенін ойламады, – деді Павлодар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Аян Әнішев.
Тәртіп сақшысы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті.
Барлық алкоголь өнімдері тәркіленді. Материалды сотқа жіберу жоспарлануда.