Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскіде түнде саяжайға ұрлыққа түскен 18 жастағы жігіт ұсталды

Шахтинскіде түнде саяжайға ұрлыққа түскен 18 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласының тәртіп сақшылары қала маңында орналасқан саяжайға түн қараңғылығын пайдаланып, ұрлыққа түскен 18 жастағы қала тұрғынын ұстады. Саяжайдағы үйдің құлпын бұзып кірген ұры екі темір есік пен темір пешті өзімен бірге ала кеткен. Ұрланған заттардың құны 30 мың теңге шамасында.

Қолға түскен күдікті ұрланған заттарды сатып, ақша таппақ болғанын мойындады.

Айғақты заттар алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру