Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер заңсыз айналымнан 4 мыңнан астам психотроптық дәріні тәркіледі

Атыраулық полицейлер заңсыз айналымнан 4 мыңнан астам психотроптық дәріні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында “Дәрмек” профилактикалық іс-шарасы барысында 47 жастағы атыраулық азаматша қала аумағында заңсыз 1700 дана трамадол дәрісін және 85 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін сатып жүрген жерінен анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

– Атыраулық полицейлер “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан барлығы 4 мыңнан астам трамадол және 200-ден астам тропикамед дәрі-дәрмектерін тәркіледі. Жинақталған іс-құжаттар ҚР Денсаулық саудау министрлігінің Медициналық және фармацептикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды. Айта кетейік, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері іс-шара барысында ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі сату) дерегінің 5 фактісін анықтады. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабымен (Есірткі, психотроптвқ заттар прекурсорлар айналысы саласындағы обьектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) фактісі бойынша мекеме-ұйымдарды тексеру барысында – заң бұзушылыққа жол берген медицина қызметкері мен серіктестік қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацептикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканық айналасы саласындағы қағидаларын бұзу) дерегі бойынша 5 факті тіркеліп, заң бұзушылыққа жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру