Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрінің орынбасары ШҚО-да полицияның сервистік моделінің іске асырылуымен танысты

Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев ШҚО-да полицияның сервистік моделінің іске асырылуымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының полиция қызметінің сервистік үлгісіне көшіру туралы тапсырмасының орындалуын жаппай тексеруді жалғастыруда.

Жақында Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев барды.

Облыс орталығында «қадамдық қолжетімділік» қағидатын іске асыру шеңберінде ашылған, тәулік бойы жұмыс істейтін азаматтарға ыңғайлы модульдік бекеттерге барды.

Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиевтің айтуынша, облыста материалдық-техникалық құралдармен, оның ішінде заманауи техникамен жабдықталған жеті модуль пайдалануға берілді. Полицейлердің тұрғын үй аудандарында тұрақты орналасуы келіп түсетін сигналдарға неғұрлым жедел ден қоюға және құқық бұзушылықтардың уақтылы жолын кесуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары қала орталығында орналасқан учаскелік полиция пунктінің қызметімен танысты. Айта кетейік, облыстың бас полицейі Сағат Мадиев атап өткендей, бес жыл ішінде өңірде қосымша тағы 23 учаскелік пункт салынады. Ағымдағы жылы учаскелік инспекторларға 20 қызметтік автокөлік берілді.

Сондай-ақ, ШҚО полицейлері қоғамдық орындарда орнатылған SOS дабыл түймелерінің жұмысын көрсетті. Батырманы басқан кезде ДП жедел басқару орталығының офицерімен автоматты түрде қосылу жүргізіледі, бұл онлайн-режимде өтініш берушімен байланысты ұйымдастыруға және оқиға туралы ақпаратты тіркеуге мүмкіндік береді.

Жұмыс аяқталғаннан кейін Мұрат Баймұқашев облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездесті, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген полицияның сервистік моделіне көшуді масштабтау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру