Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда зейнеткердің электр бұрғысын ұрлап кеткен көршісі құрықталды

Теміртауда зейнеткердің электр бұрғысын ұрлап кеткен көршісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қалалық ПБ Ескіқала полиция бөліміне 71 жастағы қала тұрғыны арызданған. Зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреу пәтерден құны 40 мың теңге тұратын электр бұрғысын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ПД-нің криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті – жәбірленушімен көрші тұратын 44 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Зейнеткердің үйіне келген көршісі электр бұрғысын алып кеткенін мойындады. Айғақты зат тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру