Ақтөбеде қалта ұрысы қолға түсті
Ақтөбеде қоғамдық көлікте ұрлыққа түскен қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында №15 автобустың салонында Океан аялдамасынан Сазда аялдамасына дейінгі жолда 67 жастағы зейнеткердің сөмкесінен жасырын түрде ұялы телефон мен әмияны ұрланған. Оның ішінде 9 500 теңге ақша, банк және бонус карталары болған. Жедел-іздестіру тобының қызметкерлерімен күдікті ретінде 30 жастағы әйел адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қылмысты дер кезінде ашудың кепілі – полиция органдарына уақтылы жүгіну, сондай-ақ қылмыскердің сыртқы келбетін дәл және толық сипаттау. Полиция қызметкерлері ескертеді: сақ болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өз мүлкіңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданыңыз.