Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 8 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды

Павлодарда сегіз шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында павлодарлық полицейлер шетелдіктердің барлығы бірдей өз жағдайын реттемегенін анықтады.

– Бірінші күннің өзінде 114 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 52 ТМД азаматы және 62 қазақстандық. Сегіз шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың тоғыз фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің бастығы Арман Уәлиев.

ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерін сақтамаған Қазақстан Республикасының тағы 53 азаматы жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 6 желтоқсанда полиция қызметкерлері Тәжікстан Республикасының 27 жастағы азаматын ұстады. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен оған қатысты Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы шешім қабылданды, оны шетелдік әлі орындамаған.

Қазіргі уақытта оған ҚР-ның шегінен мәжбүрлеп шығарып жібере отырып, жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы қаулыға келісім жасалды. Ер адамды елден шығарып жіберу үшін ол 30 тәулік мерзімге арнайы қабылдау орнына қамалды.

– Ақсу қаласында спорт кешендерінің бірінде Өзбекстан Республикасының 30-50 жас аралығындағы тиісті рұқсатсыз ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізген төрт адам ұсталды. Еліміздің заңнамасын бұзғаны үшін олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 28 жастағы жұмыс беруші шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдағаны үшін де жазаланды, – деп толықтырды спикер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру