Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Грантқа түсіріп беремін»: шымкенттік тұрғын алаяққа алданып қалды

Шымкенттік тұрғын грантқа түсіріп беремін деген алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық жайты бойынша жүгінген. Арызданушының айтуынша, оны бұрын-соңды таныс емес әйел алдап кеткен. Қаладағы оқу орнындарының біріне грантқа түсіріп беремін деп сендіріп, одан 550 мың теңге көлемінде ақша алған. Осылайша, грантқа түсемін деп сенген тұрғын алаяққа алданып қалған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде, алаяқтық жасаған азаматша тұрғылықты мекенжайынан анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, әйел алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру