Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 1,5 млн теңгеге жуық қарызы бар борышкер анықталды

ШҚО-да 1,5 миллион теңгеге жуық қарызы бар борышкер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке кәсіпкерге 1,5 миллион теңге қарыз болған 28 жастағы борышкерді анықтады.

Іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкент қаласына дейін билет сатып алғаны анықтады. 09 желтоқсанда Нұр-Сұлтан теміржол вокзалында ер адам пойыздан шығарылды. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ЕСКЕРТЕДІ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру