Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы гарнизонының үздік қызметкерлері мен ІІМ ардагерлері марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ішкі істер министрі Алматы гарнизонының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін – полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, қала күзет қызметінің, ІІМ Академиясы мен Кинологиялық орталығының, Ұлттық ұлан қызметкерлерін және ардагерлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен Алматы гарнизонының 70-тен астам үздік қызметкері, сондай-ақ, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның ардагерлері марапатталды.

Бірқатар қызметкерлерге үлгілі қызмет атқарғаны және қызметтік борышын мінсіз орындағаны үшін ведомстволық наградалар мен мерзімінен бұрын атақтар берілді.

«Еліміздің қалыптасуы кезеңдерінде ішкі істер органдарына маңызды рөл берілді. Біздің әрқайсымыз азаматтарды және олардың тыныштығын қорғау – біздің кәсіби парызымыз екенін түсінуге міндеттіміз. Еліміздің ішкі қауіпсіздігі біздің жүйеміздің және оның әрбір қызметкерінің қызмет нәтижелеріне байланысты», – деп атап өтті Ішкі істер министрі.

ІІМ саласының ардагерлерімен кездесуде ол мемлекеттің тұрақтылығын, азаматтардың қауіпсіздігі мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі полицияның рөлін атап өтті. Ардагерлерге ішкі істер органдары жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі, қызметіне адалдығы және жас мамандарды тәрбиелегені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру