Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз қару алып жүрген Қызылорда облысының тұрғыны анықталды

Заңсыз қару алып жүрген Қызылорда облысының тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Құқық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 9 желтоқсан күні сағат 09:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Аққолқа елді мекенінің мал жайылымдық жерде 40 жастағы ауыл тұрғынының қару ұстап келе жатқанын көріп, оны тоқтатқан.

Тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ 16-калибрлі екі ұңғылы «ИЖ» маркалы аңшы мылтығын алып келе жатқаны анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру