Қызылордалық полицейлер «Спорт – өмір/Sport – life» челлендж эстафетасын жалғастырды
Қызылордалық полицейлер «Спорт – өмір/Sport – life» челлендж эстафетасын жалғастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Спорт – өмір/Sport – life» челленджі өтуде.
Екі апталық мерзімде өңірлік департаменттер осы челленджі ұйымдастырып, бір-біріне тапсырмақ.
– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында департаментпен түрлі шаралар ұйымдастырылуда – акциялар, турнирлер, эстафеталар және спартакиадалар, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.
Енді бүгін кезек Қызылорда облысының Полция департаментіне келді. Қызылордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алған челлендж эстафетасын қабылдады.
Бұл эстафета барысында тәртіп сақшылары бокс, волейбол, қол күресінен өз шеберліктерін, сондай-ақ Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағы қызметкерлері жауынгерлік дайындық элементтерін көрсетті.
Қызылордалық полицейлер мерейтойлық эстафетаны Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіне жолдады.