Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тәртіп сақшылары «Спорт – өмір/Sport – life» челленджіне қатысты

Павлодарлық тәртіп сақшылары «Спорт – өмір/Sport – life» челленджіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Павлодар облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 112 құрдасы жұмыс істейді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында полицейлер Ішкі істер министрлігі өткізетін «Спорт – өмір/Sport – life» челленджін қолдады.

Челлендж Павлодар қаласының орталық жағалауында бастау алды. Спорттық шараның бірінші кезеңі жеңіл атлетикалық жүгіру болды. Марафонға қатысушылар Павлодар қаласының орталық жағалауынан 30 шақырым қашықтыққа жүгірді.

– Бүгін мен «Спорт – өмір/Sport – life» челленджіне қатыстым. Мен қазақстандықтарды осылайша Тәуелсіздік күнімен құттықтауға шешім қабылдадым. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту өте маңызды. Дәл осындай сәттерде біздің бірлігіміз бен патриотизміміз ерекше сезіледі.
Челлендж Полиция департаментінің бассейнде жүзу марафонымен жалғасты, Тәуелсіздік құрдастары жақсы дене шынықтырудың арқасында керемет нәтижелер көрсетті, – деді қатысушылардың бірі Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің аға тергеушісі Рамиль Гафуров.

– Осы іс-шараға қатысып, бұл мерекенің біз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Тәуелсіздік алғаннан кейін біз бүгін ойластырылған жоспарларды іске асырып, жаңа биіктерге қол жеткізе аламыз, – дейді Павлодар облысы ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ерсат Таукенов.

Спорттық челлендждің келесі кезеңі полиция қызметкерлері арасында атыс, штанганы көтеру және итеру бойынша жарыстар болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру