Алматыда 20 полиция қызметкері алғашқы қызметтік куәліктерін алды
Алматыда 20 полиция қызметкері алғашқы қызметтік куәліктерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл айтулы оқиға ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Ол Алматы полициясының мұражайында өтті.
– Алғашқы қызметтік куәліктерді тапсыру салтанаты бай, бірақ сонымен қатар, қарапайым тарихы бар мемлекеттік мереке қарсаңында өтуі тегін емес. Мұндағы мақсат – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жас ұрпағын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, оларға ең маңыздысы тапсырылды – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Дәстүр бойынша бұл шара ІІО ардагерлерінің белсенді қатысуымен өтеді. Халыққа, елге үлгілі қызмет көрсетудің мысалымен жас жедел уәкілдер, тергеушілер, патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде дұрыс курс алып, оны мақсатты түрде ұстанады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.