Павлодар облысының полициясында Тәуелсіздіктің құрдасы 12 жыл бойы қызмет етеді
Павлодар облысының полициясында Тәуелсіздіктің құрдасы 12 жыл бойы қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мектеп бітіргеннен кейін Саят Төлеуов Қазақстан Республикасы ІІМ Семей заң колледжіне оқуға түсті. Міне, қазір 12 жыл бойы ол учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет етіп келеді.
– Біз өз елімізбен бірге өсіп, еліміз сияқты дамып келеміз. 10-15 жыл бұрын Қазақстанның қайда екенін және оның қандай ел екенін білетіндер аз еді. Еліміздің дамыуының және ірі ауқымды іс-шараларды өткізуіміздің арқасында біз қазір бүкіл әлемге танымал болдық. Мұның бәрі халқымыздың даналығы мен бірлігінің арқасында. Біздің еліміз туындайтын барлық жанжалдарды тоқтата алады және бейбітшілікті, достықты, келісімді сақтай алады, ымыраға келе алады, – дейді Тәуелсіздіктің құрдасы Саят Төлеуов.
Бос уақытында Павлодар ауданының учаскелік полиция инспекторы Саят Төлеуов спортпен шұғылданады. Сүйікті спорт түрі – футбол, күрес. Ол грек-рим күресінен спорт шеберіне үміткер. Екі баланың әкесі.
Қазір ол 30 жаста. Ол да басқалар сияқты ата-анасы мен отбасы мақтан тұтатындай, ал жетістіктері елге пайдалы болатындай, табысты, өз ісінің нағыз кәсіби шебері болғысы келеді.