Ақтөбе облысында жоғалған жасөсіпрім үйлердің кіреберістерінде түнеген
Ақтөбе облысында жоғалған 15 жастағы бала үйлердің кіреберістерінде түнеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 желтоқсанда Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың ата-анасы 15 жастағы ұлының үйден кетіп, қайтып келмегені туралы арызданған. Жасөспірімді іздеуге барлық полиция қызметкерлері бағытталды.
15 желтоқсан күні таңертең №4 полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы өз үйінің кіреберісінен жоғалған кәмелетке толмаған баланы анықтады. Жасөспірім жол бойында көлік тоқтатып, облыс орталығына жетіп, екі күн бойы үйлердің кіреберісінде түнеген екен.
Кәмелетке толмаған бала полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына берілді.