Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қалта ұрысын қолға түсірді

Шымкенттік полицейлер қалта ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда сағат 15:00 шамасында қаладағы оқу орындарының бірінде қалтасындағы қымбат ұялы телефонын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 494 мың теңгені құраған.Хабарды алысымен оқиға орнына бірден полицияның жедел-тергеу тобы жетіп, көрген-білгендерден жауап алынды. Жақын аймақтар мен бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары азаматты қала көшелерінің бірінен қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 20 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру