Алматы облысында ойын клубының әкімшісіне мас келуші шабуыл жасады
Алматы облысында ойын клубының әкімшісіне мас келуші шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 желтоқсанда Алматы облысы ПД Қаратал АПБ кезекші бөліміне қарақшылық шабуыл туралы өтінішпен ойын клубында әкімші болып жұмыс істейтін Үштөбе қаласының 47 жастағы тұрғыны жүгінді.
Өтініш берушінің айтуынша, залда мас күйінде болған бір келуші болған. Электр энергиясының уақытша өшіп қалғанын пайдаланып, ол жәбірленушінің мойнынан қысып, өлтіремін деп қорқытып, ақша талап еткен. Одан әрі кассадан 189 мың теңге алып, кілттерді иемденіп, клубтың есігін сыртынан жауып, жасырынып кеткен.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы облысы ПД КПБ және Қаратал АПБ КПБ қызметкерлері келесі күні 46 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Одан ұрланған 18 мың теңге және 40 мың теңгеге сатып алынған ұялы телефон тәркіленді. Ол олжаның қалған бөлігін өз қалауы бойынша пайдаланған: пәтерақысын төлеген, спирттік ішімдік, азық-түлік сатып алған, таксиге төлеген.
Есептер бойынша тексеру көрсеткендей, күдікті алты рет құқық қорғау органдарының назарына іліккен, нәтижесінде ұрлық, тонау және алаяқтық үшін алты рет сотталған.
УҰИ-ға қамауға алынғаннан кейін тергеу судьясы оған екі айлық қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.