Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта ұры тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, ұялы телефонды үптеп кетті

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлығын жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші өз арызында, белгісіз біреу оның үйіне заңсыз кіріп, ас бөлмесінде үстел үстінде тұрған Samsung Galaxsy J7 ұялы телефонын жымқырып кеткендігін көрсеткен.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) қылмысы бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, орын алған қылмысты ашу мен күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары тұрғын үйге барып, күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында жақын төңіректі мұқият қарап, тұрғындардан жауап алды. Тыңғылықты жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде осы қылмысқа күдікті Жетісай қаласының тұрғыны ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де ұрлық қылмысы бойынша сотты болған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйлер мен жеке мүліктеріңізге барынша сақ болуларыңызды деп ескертеді. Ұрлық жайттары орын алған жағдайда тез арада 102-ге хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру