СҚО тұрғыны бұрынғы әдетімен бомба қойылғаны жайлы қоңырау шалған
СҚО тұрғыны бұрынғы әдетімен бомба қойылғаны жайлы қоңырау шалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жуырда Петропавл полициясына қалада бомба қойылды делінген хабарлама түсті. Белгісіз ер адам: «Петропавл қаласындағы үйлердің біріне жарылғыш зат қойылды, қай үйде екендігін өздерің іздеңдер» деп хабарлаған. СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір сағаттың ішінде қоңырау шалған адамды ұстады. Ол алкогольдік ішімдік ішкен, облыстың аудан тұрғының бірі болып шықты. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті 2018 жылы осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған, бостандыққа 2019 жылы шыққан.
– ҚР Қылмыстық кодексі 273-бабының санкциясы жалған терроризм үшін ауыр жазаны, яғни ірі көлемде айыппұл салудан бастап, бес жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Облыста соңғы бес жылдың ішінде 15 телефон террорисі ұсталды. Оның сегізі психикалық дені сау деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал, қылмыстың жетеуі алкогольдік масаң күйде жасалған, – деп хабарлады СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев.