Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда көлік тұрағына шабуыл жасаған қарақшылар тобы ұсталды

Теміртауда көлік тұрағына шабуыл жасаған қарақшылар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсан күні сағат 03.30 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне автотұрақтардың бірінде қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жәбірленуші – 52 жастағы ер адам белгісіз бәреулердің күзет бөлмесіне баса көктеп кіріп, қорқытып, кассадан 29 мың теңге алып, із-түзсіз жоғалып кеткенін түсіндірді.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 28 және 37 жастағы екі ер адам мен 33 жастағы әйелді ұстады. Күдіктілер кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру