Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясында электронды белгінің артықшылығы туралы айтылды

Алматы полициясында электронды белгінің артықшылығы туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД-ның Әкімшілік полициясы ағымдағы жылдың сәуір айында Талғар трактісі мен Хан Тәңірі көшесінің қиылысында, «Думан» ықшамауданынан шыға берісте электронды жол белгісі – 4.1.1 “Тура қозғалыс” және 4.1.5 “Алға немесе солға қозғалыс”, айнымалы ақпаратпен пайдалануға берілгенін еске салады.

– Бұл жол белгісі ҚР СТ 1412-2017 “Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралына сәйкес жасалған. Қолдану ережелері” осыған сәйкес ауыспалы ақпараты бар көп позициялы басқарылатын жол белгілерін (тақталарды) пайдалануға рұқсат етіледі, оларды пайдалану шарттары осы стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, белгі EN12966 еуропалық стандартына сәйкес SMD LED технологияларын қолдану арқылы жасалған және жол белгілерінің түрлі-түсті кескінін жоғары ажыратымдылықпен көрсетуге мүмкіндік береді, бұл жүргізушілердің белгіні қабылдауындағы қатені жояды. Жол белгісінің керекті бейнесі тәулік уақытына сәйкес (бағдарлама бойынша) немесе жол қозғалысы жағдайына сәйкес АТҚБ Басқару орталығынан қашықтан арнайы электронды блокпен көрсетіледі, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Ауыспалы ақпаратпен жол белгісінің жұмыс режимі 6 сағат 00м бастап 11 сағат 00м дейін – 4.1.1 “Тура қозғалыс” және 11 сағат 00 м бастап 6 сағат 00 м дейін – 4.1.5 “Алға немесе солға қозғалыс”.

– Жол қозғалысын реттеудің бұл жаңа техникалық құралын қаланың жол желісіне кеңінен енгізу, күрделі көлік тораптарында басқарудың икемді (интеллектуалды) режимдерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін орнатылды, – деді полковник Аманбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру