Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Ақбөкен» ЖАІШ: Ақтөбе облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 115 дерегі анықталды

Ақтөбе облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 115 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 1-31 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысы аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу, киіктерді браконьерлікпен айналысуға, олардың ағаштарын және жабайы фаунаның басқа да түрлерін өткізуге, сатып алуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметінің жолын кесу мақсатында «Ақбөкен» республикалық жедел–алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Осы алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған.

Жедел алдын алу іс–шарасын өткізудің 22 күні ішінде мобильді топтар табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 115 фактісін анықтады. Оның ішінде 85 факті жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін, 14 факті балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін және 16 факті азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру