ШҚО тергеу изоляторының жедел бөлімі үйінде граната сақтаған тұрғынды анықтады
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы тергеу изоляторының жедел бөлімі үйінде граната сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстарды ашу және алдын алуға бағытталған «Тәртіп орнату» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде П. есімді азаматтан, өзінің үйінде гранатаға ұқсас заттын заңсыз түрде сақтауы мүмкін деген ақпарат түскен. Оқиға орнына ОВ 156/1 тергеу изоляторының жедел бөлімі қызметкерлері де аттанған.
Жасырын орны туралы нақты ақпарат пенитенциарлық жүйесінің жедел бөлімімен алынып, өзара іс-қимыл шеңберінде ішкі істер органына жолданылған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында аталған П. азаматтың үйінен жасырын сақталған РГД-5 гранатасы тәркіленді.
Осы дерек СДБТР тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық ісі қозғалған.
Айта кетерлігі, өз еркімен қаруды тапсыратын тұлғалар, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.