Елордада полицейлер терроризмге қарсы күрес бойынша әңгімелесу жұмыстарын жүргізді
Елордада полицейлер терроризмге қарсы күрес бойынша әңгімелесу жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында қаланың жалпы білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді. Онда Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан терроризмге қарсы қорғалу бойынша әдістемелер ұсынылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісі қатері кезіндегі іс-қимылдар және профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайларда іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратылған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің бары айтылды.
Сонымен қатар, жиналыста жастар арасында және жалпы қоғамда экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды.