Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицей абсолютті нақты жекпе-жектен ҚР чемпионатында бірінші орын алды

Қостанайлық полицей абсолютті нақты жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионатында бірінші орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай деңгейдегі іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізілді.

Елордада өткен жарысқа еліміздің 10 өңірінен 200 жуық спортшылар қатысты. Қостанай  облысының мамандандырылған қызмет басқармасының полициясы полиция сержанты Марғұлан Таңатқан 70 келі салмақ дәрежесінде абсолютті нақты жекпе-жектен І-орынды иеленді.

Марғұлан Таңатқан 2010 жылдан бері әскери қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері болып табылады. Сонымен қатар, полиция сержанты 2016-2018 жылдары қостанайлық жасөспірімдер үшін жаттықтырушы болып жұмыс істеп үлгерген.


Марғұлан Таңатқанның айтуынша, ол келесі жылы Санкт-Петербург қаласында жоспарланған абсолютті нақты жекпе-жектен әлем чемпионатын ұтып алуды армандайды, сондықтан оған қазірден бастап дайындалуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру