Теміртаулықты көшеде тонап кеткендер қолға түсті
Теміртау тұрғынын көшеде тонап кеткендер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 желтоқсан күні Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне көшеде бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Жәбірленуші 24 жастағы жігітті белгісіз біреулер қорқытып, барлық бағалы заттарын – құлаққап пен 50 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдіктілерді 16 жастағы жасөспірім мен 19 жастағы жігітті ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.