Шымкенттік полицейлер қаруды заңсыз алып жүргендерді анықтады
Шымкенттік полицейлер қаруды заңсыз алып жүргендерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен төтенше жағдай уақытында қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар барысында өзімен бірге қаруды заңсыз алып жүрген, сонымен қатар басқа да заң бұшылық бірнеше азамат анықталып, құрықталды.
Атап айтқанда, 8 қаңтар күні Асқаров көшесінің бойында Lexus RX-330 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көлік ішінен атыс тапаншасы табылып, тәркіленді. Аталған автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ал 6 қаңтарда полиция қызметкерлерімен 8-шағынаудан аумағында жедел іс-шаралар жүргізу барысында ондағы жалдамалы пәтерлердің бірін 26 жастағы Алматы облысының тұрғыны және 30 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жалдап жатқаны анықталған. Тексеру кезінде олардың бірінің күртешесінің қалтасынан төрт дана 5,45-мм калибрлі оқ-дәрілер және қол сөмкесінен әртүрлі маркалы 42 ұялы телефон мен төрт ноутбук анықталып, тәркіленіп алынды.
Сондай-ақ, 6 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция полкінің инспекторы өзіне бекітілген аумақты патрульдеу кезінде Hundai Starex автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде көліктің жолаушысы өзімен бірге шолақ мылтық пен оның оқ-дәрілерін алып жүргенін анықтаған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында.
Одан бөлек, 8 қаңтарда полиция қызметкерлерімен қала жолдарында кезекшілік ету кезінде Асар шағынауданының аумағында LADA-2114 автокөлігінен бір бита мен оқ-дәрілер анықталған.
Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен 8 қантарда Нұрсат шағынауданындағы жалдамалы пәтерлерді тексеру кезінде, олардың бірінін балконынан үлкен тастар анықталды.
8 қаңтарда түнгі уақытта Шымкент-Самара тас жолында орналасқан «Бадам» бұғаттау бекетінде Toyota Land Cruiser көлігін тексеру барысында атыс тапаншасы табылып, тәркіленді.
Аталған жайттар бойынша қазіргі таңда қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.