Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ер адамнан патрон мен пышақ табылды

БҚО-да ер адамнан патрон мен пышақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қаңтар күні сағат 00.03 шамасында Орал қаласының орталығында Мендалиев көшесіндегі тұрғын үйлердің жанында полиция қызметкерлері 1993 жылы туған екі ер адам ұстады. Оларды жеке тексеру барысында бірінен 5,45 калибрлі жауынгерлік патрон және пышақ табылып, тәркіленді.

Өзімен бірге олардың жеке куәліктері болмаған. Айтуынша, патронды ол көшеден тауып алған.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам трамадолды қолдану нәтижесінде есірткіге мас болған.

Аталған факті СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Екінші ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру