Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 10 қаңтарын Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі. Осы күнге орай бүкіл ел бойынша ІІМ бөлімшелерінде жасалған террористік актілердің салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік рәсімі өтті.

– Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде қарулы қылмыскерлердің қолынан ішкі істер органдарының 8 қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаза тапты. Олар азаматтардың қауіпсіздігін және олардың тыныштығын қорғау бойынша өздерінің қызметтік және әскери борыштарын атқарып, ерлік пен батырлық көрсетті. Қаза тапқан әріптестерді еске алу қызметтестердің және бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгі сақталады, – деді жеке құрамға арнаған сөзінде Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев.

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін қаза тапқаннан кейін:

ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен

Барғанаев Дархан Ермекұлы – Алматы облысы полиция департаменті жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы

Сланбеков Рахат Нұрбайұлы – Жамбыл облысы Тараз қалалық полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің учаскелік инспекторы

ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен

Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы – Алматы қаласы Полиция департаментінің полицей-жүргізушісі

Аманов Айбат Ерболұлы – ІІМ Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі

Асылханов Ален Мұхитұлы – Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасының полицей-жүргізушісі

Ержанов Ербол Тілеубекұлы – Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы

Камбетов Ринат Талғатұлы – Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы аудандық Полиция басқармасының полицей-жүргізушісі

Қайсаров Мадияр Оразалыұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру