Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының әкімдігі мен кәсіпкерлері полицейлерге көмек көрсетуде

Павлодар облысының әкімдігі мен кәсіпкерлері полицейлерге көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының әкімдігі мен өңірдің кәсіпкерлері полицейлерге ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тәулік бойы көмек көрсетуде.

– Өңірдің кәсіпорындары барлық адамдар үшін осындай қиын кезеңдерде өз үлестерін қосуға тырысуда. «Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ 120 жатын қаптарын ұсынды. Nur Otan партиясы, Павлодар облысы бойынша «Атамекен» ҰКП, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС 600-ден астам жұп пима, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ 122 жұп бәтеңкемен жабдықтады. Біз кәсіпкерлерге және барлық бей-жай қарамайтын павлодарлықтарға көмек көрсеткені үшін ризамыз, – деп хабарлады Павлодар облысының комендатурасында.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер Nur Otan партиясымен және облыс әкімдігімен бірлесіп, тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асыратын және облыста қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру