Елордалық ҚАЖД-да 22 жасақ бастығы қызмет атқарады
Елордалық ҚАЖД-да 22 жасақ бастығы қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандармен тәрбие, әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлім жасағының бастығы – маңызды кәсіптердің бірі. Бұл қызметкердің жұмысы жан-жақты және әртүрлі мәселелерді шешуге бағытталған. Оның негізгі міндеті –сотталғандардың әртүрлі санаттарымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.
Елордалық ҚАЖД-да «тәрбиеші» қызметін 22 адам атқарады, оның ішінде көбісі – 25 жасқа дейінгі қызметкерлер. Бірақ жас болғанына қарамастан, олар өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы орындайды. ҚАЖ мекемелеріндегі тәртіп әскердегідей: ұйқыдан тұру, жаттығу жасау, асханаға саппен бару. Жасақ бастықтарының жұмыс күні оның қамқорлығындағы адамдар тұратын жатақхана аумағын аралаудан басталады. Ол сотталушыларда туындайтын барлық мәселелерді тұрмыстық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан шешеді.
Жасақ бастығы – сотталғандарды түзету процесін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Ол сотталғандар үшін жасақта тәрбие жұмысының барлық спектрін ұйымдастыратын және жүргізетін әкімшіліктің ең жақын өкілі болып есептеледі. Сондай-ақ, ол қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған түзету құралдарын кешенді пайдалануды қамтамасыз етеді, олардың бірі – жаңа қылмыстар жасаудың алдын алу.
– Оқу іс-әрекетін сәтті орындау осы кәсіптің адамдарынан терең кәсіби білімді, кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейін ғана емес, сонымен қатар ерекше жеке қасиеттерді талап етеді. Олар: аналитикалық ойлау, олардың шешімдерінің салдарын болжай білу, адамдарға әділ және құрметпен қарау. Сонымен қатар, жасақ бастықтары денсаулығы жақсы, жұмыс қабілеті жоғары болуы керек, – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының бас маманы Ақтоты Бекенова.
Жасақ бастығының негізгі міндеттері – сотталғандарды қайта әлеуметтендіру үшін барынша жағдай жасау, оларды бостандықта өмір сүруге дайындау, қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасауға, оқуға және еңбекке бейімделуге, құқықтық ағартуға, туыстарымен байланысты қалпына келтіруге және нығайтуға ықпал ету. Жасақ бастығының қызметі – бұл шығармашылық жұмыс, бірақ психологиялық тұрғыдан тұрақты, принципті және моральдық тұрғыдан жетілген адамдар жасай алады.