Алматыда сәнді заттары мен қару-жарағы бар екі тонаушы ұсталды
Алматыда сәнді заттары мен қару-жарағы бар екі тонаушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталғандар Өзбекстанның тумасы болып шықты, олар Алматы облысындағы ауылдардың бірінде тұрады. Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Комендатураның ақпараттық орталығының мәліметінше, Райымбек даңғылы бойындағы «Технодом» және «RedPark» дүкендеріне жасалған шабуыл мен шеруге 26 жастағы Ж.есімді және 22 жастағы К.есімді азамат қатысқан. Олар Сәтбаев көшесінің бойындағы алаңда 12-калибрлі патрондары бар мылтық пен шу гранатасын алып үлгерді.
Тұтқындау кезінде полиция қызметкерлері күдіктілерден тұрмыстық техника, киім-кешек пен «Royal Petrol» жанармай құю бекетінен ұрланған сусындарды тәркілеген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.