ШҚО-да 26 қызметтік автокөлік зақымданып, жойылды
ШҚО-да 26 қызметтік автокөлік зақымданып, жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында экстремистер мен арандатушылардың ұйымдастыруымен лаңкестік шабуылдар орын алды.
Өскемен және Семей қалаларының орталық алаңдарына барлығы 5 мыңнан астам адам жиналған.
Құқық қорғау органдарының түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қазіргі уақытта террористер деп танылғандар тек әкімшілік ғимараттарға ғана емес, сонымен қатар мүлік пен автокөлікке де шабуыл жасаған. Шабуыл барысында олар заңсыз сақталған атыс қаруы, ұрып-соғу және жаншып-кесу заттарын пайдаланды. Пиротехникалық және қолдан жасалған тұтану қоспалары қолданылған.
Облыс бойынша заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде 26 бірлік қызметтік автокөлік зақымданып, жойылды.