Шымкентте алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішкен 8 адам анықталды
Шымкентте алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген сегіз адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 10-16 қаңтар аралығында алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 8 адам анықталып, әкімішілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.Осы бапқа сәйкес аталған құқық бұзушылық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Аталған әрекеттер жыл ішінде қайталанса, құқық бұзушыға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.