Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері іздеудегі екі қылмыскердің орналасқан жерін анықтады

Ақмола полицейлері іздестіріп жатқан екі қылмыскердің орналасқан жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Щучинск қаласының аумағында ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің Мерке аудандық полиция бөлімі іздестіріп жатқан қылмыскерді ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Целиноград ауданының криминалдық полиция қызметкерлері Ақмол ауылында ҚР ҚК 346-бабы 5-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі) бойынша іздестіріліп жатқан қылмыскерді ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, 15 қаңтардан бастап полиция қызметкерлері ерекше өкімге дейін Ақмола облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізуде. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында криминалдық полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалған азаматтардың және іздестірудегі адамдардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ басқа да қылмыстарды ашу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру