Павлодарлық патрульдік полицейлер бір тәулікте 118 құқық бұзушылықты анықтады
Павлодарлық патрульдік полицейлер бір тәулікте 118 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көлік жүргізу кезінде мас адамдарды анықтау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану, бағдаршамның қызыл сигналына өту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау және азаматтарды тәртіпке шақыру – бұл полицияның тәулік сайынғы жұмысы.
Тек соңғы тәулікте ғана 118 түрлі құқық бұзушылық анықталды.
– Кезекті патрульдеу кезінде сағат 21.00-де Павлов көшесінде полиция 26 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Көліктің жан-жаққа ауып жүруі көзге түсті, ал азаматпен сөйлесу кезінде тәртіп сақшылары өткір иістің шығып тұрғанын байқады. Жүргізуші мас күйінде екенін растады және медициналық куәләндіруге жіберілді. Нәтижесі бойынша орта дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болғаны дәлелденді. Автомобилистке қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.
Тәртіп бұзудың тағы бір фактісін полицейлер Естай көшесінде 22:15 шамасында анықтады. Мұнда тұрғын үй кіреберісінің жанында сырттан қарау кезінде күртешенің қалтасынан ас үй пышағы табылған күдікті жас жігітті байқады. Неліктен ол өзімен бірге пышақ алып жүргенін түсіндіре алмады. Одан әрі тексеру үшін павлодарлық полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Полицияның хабарлауынша, өткен тәулікте қала аумағында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 21 адам, тоғыз жүргізуші ережелерді бұза отырып, автокөліктерін қойған, төртеуі қызыл түске өткен, 21 – жаяу жүргіншіні жібермеген, үшеуі қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкен, біреуі болса ұсақ бұзақылық үшін ұсталған, сондай-ақ құқықтық тәртіпті бұзған басқа да азаматтар анықталды. Барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.