Қарағанды облысында полиция қызметкерлері метал ұрлығының алдын алды
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері метал ұрлығының алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қаңтар күні Бұқар-Жырау аудандық Полиция басқармасына қарасты Ғ.Мұстафин атындағы кенттік полиция бөлімі қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Сағат 22.00 шамасында олар ауыр жүк артып әкеле жатқан көлікті байқаған. Көліктің басқаруында 37 жастағы азамат болса, жанында 41 жастағы жолаушы болған.
Полиция қызметкерлерімен көлікті тексеру барысында ешқандай құжаттары жоқ 34 қап металл шарлары анықталды. Ұсталғандар бұл өнімдерді бір мекемеден ұрлап әкеткендерін мойындады. Жәбірленуші тарап келтірілген шығынды 400 мың теңгеге бағалады. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.