Қызылордада сотталушыға есірткі өткізбек болған тұрғын ұсталды
Қызылордада сотталушыға есірткі өткізбек болған қала тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және қалалық Полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 17 қаңтар күні ЗК-169/5 мекесіне келіп түскен сәлемдемелерді тексеру барысында үш донердің арасына жасырылған есірткі затын анықтады.
Бүгінгі күні күдікті ретінде 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Қазіргі уақытта оның қылмысқа қатыстылығы тергеп-тексерілуде. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.