Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне 72 планшет тапсырылды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне 72 планшет тапсырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі заманғы технологиялық әзірлемелерді күнделікті полиция қызметінде кеңінен пайдалану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды бақылау мақсатында Жамбыл облысының статистика департаментімен 72 планшет бөлінді.
Бұл планшеттер арқылы есептегі сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша тиімді тексеруге, сондай-ақ қылмыс жасауға бейім тұлғаларды, әсіресе түнде кенеттен тексеруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні облыстық пробация есебінде 1768 сотталған тұр. Планшеттер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына ақпаратты жедел түрде енгізуге мүмкіндік береді және тұтастай алғанда сотталғандардың әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелдерін барынша азайтады, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде пробация қызметтерінің бақылау сапасын жақсартады.
Бұдан басқа, бұрын Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығымен пробация қызметіне дербес бейнетіркегіштер бөлген, бұл құқық бұзушылықтар мен олардың алдын алуды ықтимал түрде тіркеуге мүмкіндік береді.