Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы ПД-де ұлттық алдын алу тетігінің өкілдерімен кездесу өтті

Атырау облысы Полиция департаментінде ұлттық алдын алу тетігінің өкілдерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мен «Адам құқықтары үшін Хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен кездесу өтті.

Кездесуге Атырау облысы Полиция департаментінің, облыстық прокуратураның, Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының, Жастар саясаты бөлімінің, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова азаматтардың қаңтар айындағы оқиғалар кезінде адам құқықтарының бұзылуы туралы өтініштерін хабарлады, барлық ұсталғандардың және тергеу изоляторлары мен УҰИ-дағы адамдардың медициналық қорытындысы негізінде медициналық тексеру және емдеу, азаптау немесе өзге де қатыгез қарым-қатынас туралы арыздар негізінде шығарылған сот шешімдерінің заңдылығының сақталуын қадағалау тәртібімен мұқият тексеру, сондай-ақ, осындай хабарламалар алынған азаматтармен кездесу өткізу туралы талапты белгіледі. Облыстық прокуратура өкілдері Адам құқықтары жөніндегі уәкілден және азаматтардан келіп түскен сегіз өтінішке қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде жарияланған материалдар бойынша Атырау облыстық прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру